Осы жылы Қазақстанның Биоалуантүрлілікті сақтап қалу қауымдастығы

немесе ҚБСҚ қар барыстарын бақылау үшін Жоңғар Алатауға маусым, тамыз және қазан айларында үш экспедиция жасамақ. Мұндай экспедициялар ғалымдарға ілбістер санының өзгеруі, олардың мекендеу жағдайлары мен қауіп-қатерлері туралы білуге және осы сирек түрді қорғау шараларын әзірлеуге көмектеседі.
< >

2017 жыл

Зерттеу қандай сұрақтарға жауап бере алад

1. Ілбіс популяция тығыздығы мен саны өзгерді ме.
2. Ілбістердің мекендеу жерлері қалай өзгерген және олардың мекендейтін жерлеріне қауіп төніп тұр ма.
3. Азық-түлік базасының құрамы қандай және популяцияны сақтап қалу үшін азық-түлік ресурстары жеткілікті ме.

Жаңа әдістеме

Осы жылы ҚБСҚ Дүниежүзілік табиғат қоры (WWF Ресей) бақылаудың жаңа әдістемесін сынақтан өткізеді. Жаңа амал-тәсіл ілбістің 25 шарш километрге ұяшықтарға бөлінуден тұрады. Зерттеушілер әр ұяшықта деректер жинап, содан кейін арнайы формула арқылы популяция саны мен тығыздығын дәлірек анықтайды.

Зерттеу құралдары

Фототұзақтар
Экспедиция қатысушылары WWF жаңа әдістемесі бойынша арнайы фототұзақтар қояды. Қар барыстары өте абай, жасырын жүретін жануарлар. Оларды табиғи жағдайларда кездестіру өте сирек кездеседі. Сондықтан, ұзақ мерзім бойы автономды жұмыс істейтін барлық ауа-райына арналған фототұзақтар зерттеушінің таптырмайтын құралы болып қалады. Жұмыста 50 фототұзақ қолданылады.


Тұрғындардың бақылаулары мен сауалнамалары
Осыған қосымша ретінде зерттеушілер жергілікті тұрғындар ілбісті немесе оның іздерін қашан және қай жерде көргендігін анықтау үшін олармен кездеседі. Барыстар мен олар азық ететін жануарлардың қозғалыс бағыт-бағдарын картаға түсіру үшін олардың бар екендігін растау үшін аумақты өз бетінше тексеріп шығады.

Экспедиция күнделіктері

Экспедиция қатысушылары ғылыми деректер жинап, ілбістің ізімен жүру әсерін айтып береді. Олар оқиға орнынан роликтер топтамасын YouTube-қа түсіреді, ал журналист Майя Акишева қар барысын сақтап қалу мәселесі туралы көп адамдар білу үшін әлеуметтік желілерде экспедиция барысын хабарлап отырады.

2016 жыл

2016 жылы ілбісті зерттеу

Зоология институтының ғалымдары өткен жылы Алматы маңында, Үлкен Алматы өзені алабының таулы бөлігінде 12 экспедиция жасады.

• 8 жаңа фототұзақ сатып алынды.
• 30 фототұзақ қойып, Іле Алатау ұлттық саябағы аумағында 4 ілбісті анықтады.
• Ілбістің мекендеуіне жарамды аудан 17,4%-ға қысқарғандығы анықталды, бұл дегеніміз, ілбіс саябақтың 29,6 шаршы километрінде мекендеуін тоқтатқан.
• Мекендеу орындарың, азық-түлік ресурстарының жай-күйін, табиғи жаулары мен бәсекелестерінің болуын зерттедік.
• Қаскөйлік фактілері анықталып, қорғау шараларын қолдану үшін тиісті ұйымдарға мәліметтер берілді.

Фототұзақтардан алынған видео

Экспедиция туралы толық есепті сілтеме бойынша көре аласыз

Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының 2016 жылғы есебі (ҚБСА) Өткен жылы Қазақстанның Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғалымдары қар барыстарының санын және олардың бар-жоқтығын анықтау, олардың мекендеу жағдайларын зерттеу үшін көктемде, жазда және күзде дала экспедицияларын жасады.

Жоңғар Алатау ұлттық саябағы мен Тоқты қорығы аумағындағы үш экспедицияда 50 фототұзақ жұмыс істеді. Фотоаулау нәтижесі бойынша 12 ілбіс есепке алынды, олардың ішінде бір күшігі бар ұрғашы ілбіс және екі күшігі бар ұрғашы ілбіс.

Жергілікті тұрғындар мен инспекторлардан сауалнама жүргізілді, барыстар мен басқа жануарлардың мекендеу жерлері туралы қосымша мәліметтер алынды. Ілбісті сақтап қалу үшін маңызды мекендеу учаскелері анықталды.

Зерттеушілер Тоқты қорығында Жоңғар Алатау саябағына қарағанда қар барысының мекендеу учаскесі көбірек екендігін анықтады. Қорық ірі елді-мекендерден алшақ орналасқан, мұнда ілбістің қалыпты мекендеуі үшін жағдай жақсы жасалған, оның салыстырмалы саны жоғарырақ.

 

Алайда, Тоқты қорығында осы түрді қорғау үшін инфрақұрылым қарастырылмаған. Ауылшаруашылық министрлігінің Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетіне арналған өз есебінде ҚБСҚ күзету шараларын күшейту, ұлттық саябақ құрамына ілбістің жаңа мекендеу учаскелерін енгізу қажеттілігін көрсетіп отыр. Қауымдастық Жоңғар Алатау ұлттық саябағымен ынтымақтастық туралы келісім жасасып, келесі үш жылға бірлескен дала жұмыстары жоспарын әзірледі.

Фототұзақтардан алынған видео

2015 жыл

2015 жылы Carlsberg Kazakhstan қолдауымен Қазақстан Биоалуандықты сақтау қауымдастығы Жоңғар Алатауында ілбістің популяциясын зерттеу жөнінде ауқымды жұмыс атқарды.

1. Ілбісті,сондай-ақ, оған жем болатын жануарларды және оның бәсекелестерін зерттеу үшін 50 фототұзақтар сатып алынды.

2. Үш дала экспедициясы (2015 жылдың көктемінде, жазында және күзінде) өткізіліп, осы экспедициялар барысында фототұзақтар қолдану мен жергілікті халықтан сауал алу бойынша деректер жиналды.

3. 2015 жылғы деректер топтастырылып талданды.

4. Жоңғар Алатау МҰТС аумағында ілбісті сақтау жөнінде ОШЖӘК үшін ұсыныстар жасалды.

Фототұзақтардан алынған видео

Қар барысы туралы

Ілбіс немесе қар барысы (лат. Unciauncia, басқа жіктелім бойынша – Pantherauncia) — Орталық Азияның таулы алқаптарына мекендейтін мысық тұқымдас ірі жыртққыш сүтқоректі. Ілбіс жұқа, ұзын, икемді денесімен, табаны қысқа, басы кішкентай және өте ұзын құйрығы бар. Құйрығымен бірге ұзындығы 200-230 см-ге жетіп, салмағы 55 кг-ға дейін жетеді. Терісі ақшыл сұр, дөңгелек тәрізді
және жаппай ұзын құйрығы бар. Осы түрдің тіршілік ету жерінің қиындығы мен төменгі тығыздығына байланысты, бүгінгі күнге дейін биологияның көп аспектілері аз зерттелген. Қазіргі таңда ілбістердің саны өте аз, түрлі бағалар бойынша 2003 жылы түрдің популяциясы 4 мыңнан 7 мыңға дейінгі санды құрайды. ХХ ғасырда ол МСОП-тың Қызыл кітабына, Ресейдің Қызыл кітабына, сондай-ақ, басқа елдердің қорғау құжаттарына енгізілген. 2015 жылғы жағдай бойынша ілбістерді аулауға тыйым салынған.

Көшпенділердің символы

«Ілбіс» сөзін орыстың тері сататын саудагерлері XVII ғасырда түркі аңшыларынан қабылдап алды. Тувада бұл аңды ирбиш, Жетісуда ильберс, Алматының Қытаймен шекаралар аудандарында ирвиз, моңғолша ирвэс деп атады. Түркі тілінде оны ирбиз деп атайды. Осы сөз орыс тіліне сіңіп, бүгінгі күні оның соңғы әрпі «з»-дан «с»-ға өзгерді.

Популяция мәртебесі

Ілбістің тіршілік ету жерлерінің қиын болуы мен жасырын өмір сүруіне байланысты осы түр санын бағалау сарапшылардың қорытындыларына ғана негізделеді және болжам болып есептеледі. Осымен бірге адамның оны тұрақты аңдуымен байланысты қар барысының саны үздіксіз азаюда. Заңсыз, бірақ қаржылай тиімді браконерлік – оның терісі үшін аңды аулау ілбістің санын күрт азайтып жіберді. Бір жағынан малдың жайылымдарының азаюына байланысты ілбістің негізгі азығы – тауешкілер санының күрт өсіріп, екінші жағынан жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының нашарлауы жануарлардың, олардың ішінде ілбісті жіппен аулауға себепкер болды. Біруақытта ХХІ ғасырдың басында ілбістің терісіне сұраныстың артуымен байланысты оны браконьерлік жолмен аулау амалдары өсті. Сонымен бірге, Тибет таулы қыратында ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы улы химикаттар қолдану салдарынан ілбістің саны күрт төмендеп кетті. Бұл жағдай барыстар үшін кеміргіштер сияқты оңай жем болатын азықты табуды қиындатып жіберді. Осы түрдің жабай табиғаттағы жалпы саны 2003 жылғы жағдай бойынша 4080 – 6590 аралығында. Жабайы табиғаттың Дүниежүзілік қорының деректері бойынша осы түрдің таралу аумағындағы саны 3500-ден 7500-ге дейін барады. Шамамен тағы 2000 ілбіс бүкіл әлемдегі жануарлар бағында мекендеп, көбеюде. Түрлі таралу аумақтарында популяцияның тығыздығы 100 км² 10 ілбістен 0,5-ке дейін өзгеріп тұрады. Мысалы, Ресейде ол 100 км² 0,7 ілбіс болса, Алтайда 0,2-2,4 ілбісті, ал, Непалда 5-7 ілбісті, Моңғолияда 3-4 ілбісті құрайды.

Қорғау

Қазіргі кезде ілбістердің саны өте аз. Қар барысының терісін алу үшін заңсыз оларды аулау барыстың популяциясын біршама азайтып жіберді. Барыстың таралу аумағындағы елдерде қар барысы мемлекеттің қорғауында, бірақ қаскөй аңшылар әлі де оларға қауіп төндіріп отыр. Қар барысыөте сирек кездесетін, саны аз, жоғалу қаупіндегі жануар түрі. «Жоғалу қаупінде тұрған» (EN C2A жоғары қорғау категориясы) МСОП Қызыл тізіміне (2000) енгізілген. Моңғолияның Қызыл кітабына (1997) бұл түрге «өте сирек» мәртебесі берілсе,
Ресей Федерациясының Қызыл кітабында (2001) «таралу аймағында жоғалу қаупі бар түр» мәртебесі (1-категория) берілген. Сонымен бірге, қар барысы жоғалу қаупінде тұрған Фауна және флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І қосымшасына (СИТЕС) енгізілген. Алайда, осы барлық табиғатты қорғау актілері мен құжаттары өте әлсіз жүзеге асырылатын құқықтық негізді ғана жасайды. Бұны браконьерлік пен контрабанда деңгейін арттыру растайды. Сонымен қатар, ілбісті ұзақ мерзім сақтауға бағытталған бағдарламалар жоқ.